Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе жаңа «Kaspi Alaqan» функциясын таныстырды деп хабарлайды Оzgeris.info. Жаңа технология арқылы енді төлемді карта мен телефонсыз тек қолдан жасауға мүмкіндік бар.
Жаңа мүмкіндіктің жұмысын көрсету үшін сахнаға UFC жауынгері Шавкат Рахмонов шақырылды. Ол сахнада қол массажерін сатып алып, төлемді дәл осы жаңа жүйе арқылы жасады. Құрылғының бағасы 42 900 теңге болса да, символдық түрде 99 теңгеге сатылған.
«Бұл смартфоннан да жылдам төлем жасау тәсілі», — деді Михаил Ломтадзе.