Kaspi.kz қазақстандықтарға алаяқтықтан қорғаудың жаңа мүмкіндігін ұсынды. Енді қосымша пайдаланушылары өздерінің сенімді адамы мысалы, кәмелетке толған баласын қаржылық операцияларды бақылаушы ретінде қоса алады, деп жазады Ozgeris.info.
Функцияның көмегімен ата-ана күдікті әрекеттер кезінде сенімді тұлғаның хабарламасын алады. Мысалы, ірі көлемде қолма-қол ақша шешіп алу, халықаралық аударымдар немесе күмәнді операциялар жасалғанда, тағайындалған адамға ескерту келеді. Ол операцияны растай алады немесе тоқтата алады. Осылайша ата-ананың қаражаты дер кезінде қорғалады.
Kaspi.kz бұл мүмкіндікті көбіне жасы үлкен клиенттерге ыңғайлы ету үшін ойластырған. Дегенмен тек ата-аналар ғана емес, кез келген пайдаланушы бұл қызметті қосып, өзіне ең сенімді адамды – жұбайын, жақын досын немесе туысын таңдауы мүмкін.
Функцияны қосу үшін ата-ана Kaspi.kz қосымшасын ашады, «Сервистер» бөліміне, одан кейін профильге өтеді. «Сенімді контакт қосу NEW» деген тармақты таңдап, таңдалған адамның телефон нөмірін енгізуі қажет. Сенімді контакт тек 21 жасқа толған ересек адам бола алады.