Жаңалықтар

Жолға таласқан: Астанада жүргізушілер көше ортасында төбелес шығарды

Жолға таласқан: Астанада жүргізушілер көше ортасында төбелес шығарды

Астанада жол үстіндегі жанжал төбелеске ұласты. Екі жүргізуші көлік қозғалысы кезінде ортақ шешімге келе алмай, ақыры мәселені күш қолдану арқылы шешпек болған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда қарапайым түсініспеушілік болған жағдай бірден ушығып кеткен.

Ашуға бой алдырған ер адамдар көліктерінен түсіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жанжалға қатысушыларды анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді.

Нәтижесінде екі жүргізуші де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге сабыр сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Мамандардың айтуынша, жолдағы ашу-ыза тек айыппұлға ғана емес, одан да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

 

Барлық жаңалық