Шоу-бизнес

"Жақында үйленеді": Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты сыбыс тарады

"Жақында үйленеді": Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты сыбыс тарады

Желі Димаш Құдайбергеновтің үйлену туралы айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды. 

"Үйлену керек деген әңгіме екенін түсініп отырмын. Бұйырса көреміз. Асығатын түк жоқ, бәрі Құдайдың қолында. Алдағы уақытта... Уақыт көрсетеді", - дейді әйгілі әнші. 

Ал пікір білдірушілер Димаштың бұл сөзінен дүбірлі тойдың уақыты алыс емес екенін сезген. Сондай-ақ сері жігіттің баяғыда-ақ үйленіп алғанын жазғандар да бар. 

"Димаш жақында үйленетін секілді. Айтуына қарағанда әлде маған солай сезілді ме? Адал қыз, адал келіншек бұйырсын", "Димаштың отбасы бар сияқты көрінеді маған", "Ақ маңдайлы, инабатты қыз бұйырсын", "Бәрі Алланың қолында", деді олар. 

Барлық жаңалық