Шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы ашық айтты

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы ашық айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі келіннің отбасы үшін ерекше орны бар екенін атап өтіп, оны әулеттің жалғастырушысы әрі ұрпақ тәрбиелейтін ана ретінде сипаттаған.

Сондай-ақ ол Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

«Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Менің тұңғышым, сіздердің сүйікті Қайроштарыңыздың жүрегінен орын алған Жұлдыз келініміздің туған күні құтты болсын! Алла оған ұзақ ғұмыр, мәнді өмір нәсіп етсін», – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары да актрисаны құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Барлық жаңалық