Спорт

Футболдан ӘЧ: Бүгін қай құрамалар алаңға шығады

Футболдан ӘЧ: Бүгін қай құрамалар алаңға шығады

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 15 маусым және 16 маусымға қараған түні төрт ойын өткізіледі, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада болады.

Ойындар күнтізбесі

Н тобы

15 маусым. 22:00. Испания - Кабо-Верде

16 маусым. 03::00. Сауд Арабиясы - Уругвай жасыл алаңға шығады.

G тобы

16 маусым. 00:00. Бельгия - Мысыр

16 маусым. 06:00-де Иран - Жаңа Зеландия

Еске сала кетейік, турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ. Өйткені алғаш рет топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

Турнирді үш мемлекет қабылдағанымен, матчтардың басым бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылады. Мұнда барлығы 78 ойын өтеді. Ал Канада мен Мексикада 13 матчтан өткізіледі.

Барлық жаңалық