Жаңалықтар

Меркі ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Меркі ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Меркі ауданы әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Бахытжанұлы Нарікбаев жаңа қызметке кірісті. Ол осы кезден бастап Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Жаңа басшы 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Ақтоған ауылында дүниеге келген. Ол 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман заңгер болып бастаған. Кейінгі жылдары аудандық мәслихат пен әкімдік құрылымында түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтқанда ол мемлекеттік-құқықтық бөлімшені басқарып аудан әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Бұған қоса қаржы-шаруашылық бөлімшесіне жетекшілік еткен кездері де болды. Ал осы жаңа тағайындауға дейін ол Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген еді.

Барлық жаңалық