Қоғам

«Сұлтанды не үшін ұстағанын білмеймін»: Сотта Ақбаянның жауабы оқылды

«Сұлтанды не үшін ұстағанын білмеймін»: Сотта Ақбаянның жауабы оқылды

Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сотта жаңа бейнематериалдар қаралды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жазбалардың бірінде сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевадан жауап алынған сәт көрсетілген.

Сотта айтылған мәліметке сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиева психоневрологиялық диспансердің ақпараттық жүйесінде есепте тұрған. Қазір ол психиатриялық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Жауап алу кезінде әйел өмірбаяны, отбасы және денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап берген. Оның айтуынша, соңғы баласын дүниеге әкелгеннен кейін денсаулығында мәселелер пайда болған.

«Мен басымды тексертіп, ем алдым. Түркияда күйеуім уақытша жұмыс істеді. Біз қонақүйде тұрдық. Мен көбіне ұйықтап жаттым. Телефоным болған жоқ, оны Сұлтан алып алған. Полиция мені және күйеуімді не үшін ұстағанын білмеймін», – деді ол.

Бейнежазбаға қарағанда, Мұқанғалиева кейбір сұрақтарға нақты жауап бере алмаған. Сондай-ақ тергеу барысында шаршағанын айтып, жекелеген сұрақтарға жауап беруден бас тартқан.

Сотта ұсынылған материалдарға сәйкес, кейін оған арнайы ем қабылдау ұсынылған.

Барлық жаңалық