Шоу-бизнес

"Құдайдан қорықпай ма": Наркенже Серікбаева сұлулық үшін құрбандыққа барған

"Құдайдан қорықпай ма": Наркенже Серікбаева сұлулық үшін құрбандыққа барған

Banumed клиникасы әнші Наркенже Серікбаеваның видеосын жүктеді. Кадрдан дәстүрлі әншінің пластикалық ота жасатқанын байқауға болады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Клиника 7 күндік нәтижемен бөліскен. 

"ҚАЗАҚТЫҢ КӨРІКТІ ҚЫЗЫ Наркенже ханымның 7 күнде төменгі қабақ блефаропластика нәтижесі", - деп жазды олар. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Олардың біраз бөлігі отаның сәтсіз шыққанын жарыса жазған. 

"Алланың берген түріне не жетсін түкте әдемі емес", "Қартайып кеткен бе", "Еріккендер", "Екі қабағы екі түрлі", "Жақсы нәтиже көріп тұрған жоқпын, қартайып кетіпті", "Алладан қорықпайсыңдар ма", "Сәтсіз шыққан, тігісі көрініп тұр", "Сұлу болып кетіпті, енді байға ти", деді желі қолданушылары. 

 

Барлық жаңалық