Жаңалықтар

Бурабайда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, 11 адам жарақат алды

Бурабайда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, 11 адам жарақат алды

Щучье-Бурабай тас жолында Volvo автобусы мен Changan көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

14 маусымда шамамен сағат 13:10-да Щучье-Бурабай тас жолында жол-көлік оқиғасы болды.

"Астанадан Бурабайға бара жатқан және демалушыларды курорттық аймаққа апаратын автобус қарсы қозғалыс жолына шығып, Changan көлігімен соқтығысып, содан кейін ағашқа соғылды", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Апатта 11 адам жарақат алды, оның ішінде автобустағы 9 жолаушы және Changan көлігіндегі 2 жолаушы бар. Апатқа байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық