Жаңалықтар

Kizdar.net сайтының жұмысына тосқауыл қойылды

Kizdar.net сайтының жұмысына тосқауыл қойылды

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Kizdar.net интернет-ресурсының қызметі тоқтатылып, оны ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлғалар ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған сайт 2011 жылдан бері жарнамалық хабарландырулар орналастыру және ақылы интимдік қызметтерді ұйымдастыру мақсатында пайдаланылып келген.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Тінту жұмыстары барысында ірі көлемдегі ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 2 миллиард теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық істің барысын ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Барлық жаңалық