Kaspi.kz қолданушылары бұдан былай ақша аударымына өз сөздерімен жауап бере алады. Бұған дейін отандастарымыз аударым алған кезде тек Kaspi ұсынған стандартты эмоджилерді немесе «аударым түсті» деген бір ғана ресми хабарламаны пайдалана алатын еді, деп жазады Ozgeris.info.
Енді бәрі басқаша. Kaspi қосымшасы пайдаланушыларға аударымға жеке мәтінмен жауап беру мүмкіндігін ұсынды. Тек смайликпен емес, өз сөзіңмен «рахмет» айтуға, еске салуға немесе сәлем жеткізуге болады.
Мысалы, «Рахмет, бауырым!», «Ертең қайтарам», не болмаса «Ас болсын!» деген секілді жылы лебіздер қалдыруға мүмкіндік бар.
Қолдану ережесі қарапайым. Жауап мәтінінің ең ұзын мөлшері – 50 таңба. Бұл қысқа ғана, бірақ шынайы эмоция мен жылы сөз айтуға жеткілікті.
Жаңа функция Kaspi.kz мобильді қосымшасында қазірдің өзінде қолжетімді.