"Бұл жаңа пән емес. Бұған дейін түлектер бес емтихан тапсыратын. Сондықтан жаңа пән, жаңа сұрақтар емес. Үміткер Назарбаев зияткерлік мектебінде емтихан тапсыруы керек. Мұнда оның жетістіктеріне сырттай баға беріледі", - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.Айтуынша, бұл емтиханнан түлектер бас тарта алады. Бұндай жағдайда оларға “үздік аттестат” табысталады. Министрлік мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2021/2022 оқу жылында "Алтын белгіге" үміткер 7,5 мыңнан аса түлек бар.
Ozgeris.info порталы