Спорт
Елімізде жемқорлық пен қаражатты тиімсіз пайдалану нышанына айналған ең қымбат нысан қаңырап қалды
30.01.2025
313
Кезінде Арыстанбек Мұхамедиұлы Спорт министрі болып тұрғанда Щучинск қаласынан ашқан тау-шаңғы трамплині қаңырап бос тұр деп жазды NewTimes.kz. Құрылысына мемлекеттік бюджеттен қайта-қайта ақша бөлдіріп, ақыры 38 млрд теңге жұмсалған нысан Орталық Азиядағы ең қымбат трамплин болып есептеледі.
Есте болса, 2017 жылы Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының депутаты министр Арыстанбек Мұхамедиұлына трамплин құрылысы созылып кеткенін және әуелдегі бағасынан 4 есеге дейін қымбаттағанын айтқан болатын. Ол кезде министр құрылыс материалдарының жыл сайын қымбаттап жатқанын айтып құтылған еді.
Ол кезде елдегі туризмді тамыту керектігін айтып, Назарбаевтың алдында есеп бергендердің арасында сол кездегі Асқар Мамин (Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетті), Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедұлы (8 жылға түрмеге қамалды) және Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин (Қазақстанның Грузиядағы елшісі) болған.
Кешеннің құрылысы 12 жылға созылып, ақыры 2018 жылы салтанатты түрде ашылды. Ашылуына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келді.
Бүгінде ең қымбат 125 метрлі трамплин бос тұр. Аталмыш нысан жемқорлық пен ақшаны тиімсіз пайданудың ашық көрінісі. Қыс мезгілінде нысан мүлде пайдаланылмайды. Өйткені, қыста бұл жерде жиі жел тұрып, ауа температурасы да төмен болады. Жалпы, Щучинсктің климаты мұндай нысанға арналмаған дейді мамандар. Екіншіден, көптеген спортшылар Алматыдан болғандықтан, алыс жолға шығуға уақыттары жоқ.
Спортшылар мұнда тек жазда келіп жаттығады. Қыс бойы олар Алматыдағы «Сұңқар» кешенінде дайындалады. Соған қарамастан жыл сайын нысанды ұстап тұруға бюджеттен 471 млн теңге бөлініп келеді екен.
Мамандар осынау шаңғы трамплинін ақылсыз салынған қымбат нысан дейді. Тіпті, оны Астанадағы LRT-мен салыстыратындар да көп. Оның құрылысына 2024 жылдың соңына дейін 3,6 трлн теңге жұмсалыпты. Соның өзіне нысан әлі бітпеген.
-
Алаяқтық кредит: қаржылық қауіпсіздік мәдениеті неге әлсіз?19:29, 21 сәуір 2026
-
-
Төртінші АЭС қайда салынатыны белгілі болды16:51, 21 сәуір 2026
-
Атырауда қаза тапқан отбасыға қатысты тың дерек шықты16:38, 21 сәуір 2026
-
-
-
-
Ақтөбелік депутат тойға барамын деп жаза арқалады15:30, 21 сәуір 2026
-
Алматы облысында тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті14:38, 21 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
"Ұрпағыңыз сізбен мақтанады": Мұхтар Шахановтың келіні әсерлі жазба жариялады11:16, 21 сәуір 2026
-
-
-
-
Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды11:17, 21 сәуір 2026
-
2030 жылға қарай әр пойызда инклюзивті вагон болады – Көлік министрлігі10:45, 21 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026
-
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-