Шоу-бизнес

Эфирде көз жасын тыя алмаған Асанәлі Әшімов әсерлі естелігін айтты

Эфирде көз жасын тыя алмаған Асанәлі Әшімов әсерлі естелігін айтты

Қазақстан телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына қонақ болған кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов жүрек тебірентер естелігімен бөлісті, деп жазады Оzgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтемемен.

 

Өнер иесі марқұм анасы мен ұлдарының түсіне жиі кіретінін айтып, сол сәттерді үлкен сағынышпен еске алды. Оның айтуынша, бір күні ауруханада ем қабылдауға барар алдында ұйықтап қалып, түсінде ұлы Сағиды көрген.

 

«Сол сәтте Сағи ұлым түсіме кірді. Оның “аға” деген дауысын естідім. Оятқаны ғой. Балаларымды інімдей көрдім. Бір өкінішім – бетінен бір сүймеппін», – деді Асанәлі Әшімов көзіне жас алып.

 

Бағдарлама барысында актер өміріндегі ауыр сынақтар, әкелік сағыныш пен жүректе қалған өкініш туралы ашық айтты. 

Барлық жаңалық