Қоғам

Депутаттар қандай жағдайда бір күндік жалақысынан айырылып, жария түрде кешірім сұрайды

Депутаттар қандай жағдайда бір күндік жалақысынан айырылып, жария түрде кешірім сұрайды

Құрылтай депутаттары әдеп нормаларын бұзған жағдайда ескерту алып, көпшілік алдында кешірім сұрауға немесе бір күндік жалақысынан айырылуға дейінгі тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева айтты,  деп жазады Ozgeris.info

Оның айтуынша, депутатқа сөгіс жариялау, бір немесе үш отырысқа сөз беру құқығын шектеу, отырыстан шығару және бір күндік жалақысын ұстап қалу қарастырылған.

Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен шағымдарды қарайды. Кеңес ұсынысын Құрылтай төрағасына жолдайды.

Әдеп талаптары депутаттың тек Құрылтайдағы қызметіне ғана емес, қызметтен тыс әрекетіне де қатысты. Әріптестерін немесе басқа азаматтарды қорлау, ар-намысына тию, сондай-ақ тексерілмеген ақпарат тарату әдеп нормасын бұзу болып есептеледі.

Еспаеваның айтуынша, кеңес тек заң бұзушылықтарды қарамай, депутаттарға әдеп талаптарын түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.

«Құрылтайда 145 депутат бар, оның құрамы 78 пайызға жаңарды. Сондықтан депутаттық әдеп нормаларын түсіндіру маңызды», – деді Дания Еспаева.

Айта кетейік, бүгін Құрылтайдың жаңа Регламенті қабылданды.

Барлық жаңалық