Шоу-бизнес

«Айырылып қала жаздадық»: Төреғалидің әйелі жетінші баласы жайлы сұмдықты айтты

«Айырылып қала жаздадық»: Төреғалидің әйелі жетінші баласы жайлы сұмдықты айтты

Әнші Төреғали Төреәлінің әйелі жетінші жүктілігі жайлы айтты, 

Айтуынша жүктілігі өте қиын өткен. 

Балаға үлкен қауіп туған. 

"Өмірімде болған бір ғажайыппен бөліскім келіп отыр. Мәриямға жүкті екенімді білген сәттен бастап менде қорқыныш пен уайым көбейді. Медициналық тұрғыда қауіп өте үлкен еді. Бұл төртінші кесір тілігі, кішкентайымның арасы тым жақын, оның үстіне үш ұлым да шала туған. Осының бәрін ойлаған сайын аналық жүрегім алаңадай беретін. Бірақ жүрегімде бір ғана ой тұрды: "Алла қателеспейді". Бір күні Төреме уайымымның басым болып кеткенін айтып, "маған ішкі тыныштық керек" дедім. Содан Төрем "40 күн тахаджудке тұрып, Алладан сұрайық" деді. Содан екеуміз Астананың аязында, күнде сағат 3 те тұрып, 40 күн бойы мешітке барып, тахаджуд намазын оқыдық. "Я Алла баламызды аман-есен ай-күніне жеткізіп, дүниеге әкелуді нәсіп етші" деп тіледік. Ал Мариямымыз дәрігерлердің өзін таңғалдырып, ай-күніне жетіп, аман-есен дүниеге келді. Төремнің төбесі көкке бір елі жетпей қалды", - деді ол. 

Оқырмандар бұл оқиғаға тебіреніп, ізгі тілектерін жаудырды.  

Барлық жаңалық