Батыс Қазақстан облысының Круглоозёрное ауылында белгісіз жүргізуші көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жол апатынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақатынан көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, жүргізушінің жеке басын және көліктің орналасқан жерін анықтады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.