Қоғам

«4 жыл, 7 ай бірге тұрдық»: Наркенже Серікбаева марқұм күйеуі туралы айтты

«4 жыл, 7 ай бірге тұрдық»: Наркенже Серікбаева марқұм күйеуі туралы айтты

Әнші Наркенже Серікбаева сұхбатында марқұм күйеуі туралы айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол алғашқы махаббатынан ажырап қалып, 18 жылдан кейін қайта қосылғанын жасырмады. 

"Халықтың алдында көз жасымды көрсеткім келмейді. Адамның жан дүниесі сөйлегенде көз жасы еріксіз шығады. Маған барлық нәрсені ұғындырып кетті. Оған тұрмысқа шықпай тұрып қайсар болдым, ол әйел дегенді маған ұғындырды. 4 жыл, 7 ай бірге өмір сүрдік. Боқтап, қол көтерген емес. Ол кісіні анам қатты жақсы көрді. Қазір жүрегім тыныш, түсіме кірмейді. Ана өмірі жақсы шығар деп ойлаймын. Мына өмірде құранымды қалдырмаймын", деді ол. 

Сонымен қатар, алғашқы махаббатымен қалай қосылғанын да баяндап берді. 

Барлық жаңалық