Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ғылым және Еңбек министрліктеріне жыл соңына дейін жетекші компаниялармен бірлесіп, мемлекет пен жеке сектор әріптестігі негізінде Кәсіптерді трансформациялаудың ұлттық орталығын толыққанды іске қосуды тапсырды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сонымен қатар Үкімет басшысы колледждердің тартымдылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, білім беру бағдарламалары еңбек нарығы мен халықтың сұранысына сай тұрақты түрде жаңартылып отыруы керек.
«Оқу бағдарламаларын еңбек нарығы мен халықтың сұранысына сәйкес үнемі жаңғыртып отыру керек. Қажетті микро-біліктіліктерді алу үшін қысқа мерзімді модульдік бағдарламалар ашқан жөн. Колледж кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру үшін саналы түрде таңдалатын білім ошағына айналуы тиіс», – деді Олжас Бектенов.