Журналист Ботагөз Омарованың үстінен шағым түсіріп, даудың ортасында қалған «ВД Инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы Азамат Үсімбековтің есімі қазір ақпарат кеңістігінде жиі аталып жүр. Көпшілікті «бұл кәсіпкер кім және ол қандай жобаларды жүзеге асырған?» деген сұрақ мазалайтыны анық. Өзінің сұхбатында ол кәсіпкерлік жолы мен компаниясының қазіргі жағдайы туралы егжей-тегжейлі айтып берді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Азамат Үсімбековтің айтуынша, ол қарапайым құрылысшының отбасынан шыққан. Әкесінің жолын қуып, құрылыс саласындағы кәсібін Ақтөбеде мектептер мен зауыттар салудан бастаған. Кейіннен тұрғын үй кешендерін тұрғызып, Атырау, Орал және Ақтау қалаларына ауқымын кеңейткен. Оған дейін кәсіпкердің иелігінде «Baisanat» және «Esentai holding» сияқты бірнеше компания болған.
Компанияның нағыз даму серпілісі пандемия кезінде орын алған. 2014 жылдан бері ERG және ресейлік кәсіпорындармен жұмыс істеген олар, локдаун кезінде шетелдік мамандар келе алмағандықтан, барлық монтаж және іске қосу жұмыстарын өз мойындарына алып, үлкен тәжірибе жинаған.
Бизнесін одан әрі масштабтау мақсатында кәсіпкер 2022 жылы «ВД Строй-инжиниринг» компаниясын сатып алады. Бүгінде ол осы кәсіпорынның жалғыз құрылтайшысы.
Құрылыс маусымы қызған шақта мұнда 250-300-ге жуық адам жұмыс істейді. Компания терезе өндіру немесе металл конструкцияларын жасау сияқты тар бағыттағы жұмыстарды ғана қосалқы мердігерлерге беріп, нысандарды негізінен өздері толық басқарып салады.
Кәсіпкер барлық түскен табысты қайтадан құрылысқа және компания ауқымын кеңейтуге (реинвестиция) салатынын атап өтті. Бюджет алдындағы ашықтықты ұстанатын кәсіпорын соңғы 3 жылдың ішінде мемлекетке 8,6 миллиард теңге көлемінде салық төлеген.
Кәсіпорын мемлекеттік тендерлермен қатар жеке тапсырыстарды да орындайды. Бүгінде олардың қоржынында бірнеше ірі инфрақұрылымдық нысандар бар:
-
2023 жылдың тамызында басталып, 2024 жылдың мамырында мерзімінен бұрын сапалы әрі толық аяқталған нысан. Үсімбековтің айтуынша, нысанды уақытылы тапсыру үшін жұмыс 24/7 режимінде жүрген.
-
Бұл нысан рекордтық уақытта, небәрі 1 жыл 3 айдың ішінде салынған.
-
Жақында ғана қолданысқа беріліп, сәтті тапсырылған жоба.
-
Қазіргі уақытта инвестициялық жоба ретінде Ішкі істер министрлігінің академиясы жобаланып жатыр. Кәсіпкер бұл ғимаратты өз қаражаты есебінен салып, кейін оны мемлекетке тегін сыйға тартуды жоспарлап отыр.