Қоғам

Астанада өрттен қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды

Астанада өрттен қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды

Астанада өрт салдарынан қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы бапкер Берік Адам әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол марқұмдардың бірі – Айзеренің өз тәрбиеленушісі болғанын айтып, отбасының қайғысына ортақтасты.

«Үш баланың үлкені – Айзеренің ЛФК жаттықтырушысы болдым. Отағасы Қабылқазы бауырымызға және барша жақындарына Алла сабырлық берсін. Жанаргүл ханымға Алла шипасын берсін. Біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Балалардың топырақтары торқа болсын», – деп жазды ол.

Барлық жаңалық