Жаңалықтар

Астанада 24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігін өртемек болды (ВИДЕО)

Астанада 24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігін өртемек болды (ВИДЕО)

Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған, деп хабарлайды ozgeris.info.

– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Барлық жаңалық