Продюсер Баян Алагөзова халық әртісі Меруерт Өтекешоваға қатысты жағдайға пікір білдіріп, өз ренішін жасырмады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Продюсер Instagram парақшасында жазба жариялап, бұл жағдайды ұстазға жасалған сатқындықпен теңестірген.
"Меруерт апа үшін қатты жаным ауырып тұр, өте қатты... Бұл – өз ұстазыңа жасалған сатқындық, арқаға пышақ сұққанмен тең. Тіпті бұл іске деканның қатысы болса да?! Ересек студенттердің өз басы, өз ойы жоқ па?" – деп жазды Баян Алагөзова.