Шоу-бизнес

"Бұларға дауа жоқ екен": Танымал әзілкеш сегізінші рет әке атанбақ (ВИДЕО)

"Бұларға дауа жоқ екен": Танымал әзілкеш сегізінші рет әке атанбақ (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш әрі тележүргізуші Ғалым Махамбеттің отбасында тағы да қуанышты жаңалық. Жайдарманшы сегізінші рет әке атанбақ, деп хабарлайды  Ozgeris.info сайты.

Бұл туралы оның жары Әсия Тәңірбергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол аяғы ауыр екенін жариялап, оқырмандарын қуантты.

Желі қолданушылары жас отбасыға ақ тілектерін арнап, “Өмірге аман-есен келсін”, “Бауы берік болсын”, “Ұрпақтары көбейе берсін” деген жылы лебіздерін жаудырды.

Сонымен қатар пікір білдірушілердің арасында әзілге басқандар да болды. Кейбір желі қолданушылары “Демалыс деген жоқ екен”, “Сендерге дауа жоқ”, “Денсаулықтарың мықты болсын” деген сарында пікір қалдырған.

Барлық жаңалық