Жаңалықтар

"Достық пен бауырластық рухы": Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрбан айтпен құттықтады

"Достық пен бауырластық рухы": Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрбан айтпен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өзбекстан-Президенті Шавкат Мирзиёев өз жеделхатында бұл мейрам ортақ тарих, тіл, дін және салт-дәстүрмен біріккен бауырлас халықтар арасындағы достық рухын одан әрі нығайтуға үндейтінін атап өтті. Ол екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар ортақ күш-жігердің арқасында алдағы уақытта да бекемделе түсетініне сенім білдірді.

Қырғызстан-Президенті Садыр Жапаров Құрбан айттың рухани тазару, қайырымдылық және ынтымақ мерекесі екенін еске салды. Бұл жарқын мейрам халықтар арасындағы тарихи достық пен өзара сенімді одан әрі күшейтетінін айтты.

Тәжікстан-Президенті Эмомали Рахмон бұл қасиетті мейрамның ғасырлар бойы гуманизм, мұқтаждарға көмек көрсету, жомарттық және өзара қолдау сияқты жоғары рухани құндылықтарды паш етіп келе жатқанына назар аударды. Мереке халықтар арасындағы ынтымақ пен өзара түсіністікті нығайтуға үлкен үлес қосатынын жеткізді.

Түрікменстан-Президенті Сердар Бердімұхамедов сенім мен мейірімділіктің символы саналатын мейрам бүкіл мұсылман қауымын біріктіретінін жазды. Ортақ рухани құндылықтар халықтар арасындағы ынтымақты арттыра беретініне кәміл сенетінін білдірді.

Мемлекет басшысының атына мерекелік тілектерін жолдағандардың қатарында:

  • Әзербайжан Президенті Ілхам Әлиев

  • БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян

  • БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум

  • Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах

  • Кувейттің Мұрагер ханзадасы Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах

  • Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа

  • Алжир Президенті Абдель Маджид Теббун

  • Ауғанстан Премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахунд

Сонымен қатар ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО Бас директоры Салим бен Мухаммад әл-Малик, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқа да лауазымды тұлғалар жылы лебіздерін білдірді.

Құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Барлық жаңалық