Шоу-бизнес

"Жағдайым онша емес": Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған өсекке пікір білдірді

"Жағдайым онша емес": Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған өсекке пікір білдірді

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты желіде тарап жатқан видеоларға пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Әпкесі Баян Мақсатқызының әнші Мөлдір Әуелбекова туралы мәлімдемесінен кейін көпшілік Бағым туралы жарыса видео жүктеген.

"Бәріңізге сәлем. Инстаграмды ашсам Аман Тасығанға берген ескі сұхбатым жүр. Пікірлерді ашсам, менің сол кездегі онша емес жағдайым туралы жазылған. Тағы біреулер мені "Кешьюдің" концерті үшін осындай хайпқа барды деп айыптауда. Сәл ақылдырақ болайық. Концерттің билеті ондай арзан хайпсыз-ақ жақсы сатылуда. Дәл қазір маған денсаулығым, көңіл-күйім, психологиялық жағдайым маңызды. Сондықтан мен сұхбат бермеймін, ештеңеге қатысты пікір білдірмеймін. Аман Тасығанға берген сұхбатым туралы жазып жатқандарға айтарым: қатыгез болмайық. Ақылды болайық. Ал жақсы пікір білдіргендерге алғысым шексіз", - деді Бағым Мұхитденова. 

Барлық жаңалық