Шоу-бизнес

"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)

"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)

Нұржан Төлендиев отбасындағы қызықты әдеттері жайлы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып, желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Актердің айтуынша, келіні Нұрулмен бір шаңырақ астында тұрады. Дегенмен олардың отбасында таңертең міндетті түрде тұрып, сәлем салу тәртібі қатаң сақталмайды.

«Мен түнде кеш жатамын, күндіз ұйықтаймын. Ұйқыдан тұрсам, сағат шамамен 17:00 болады. Сол кезде келінім маған "таңғы ас" береді», — деді ол.

Сонымен қатар актер әулетінде сәлем салудың WhatsApp арқылы да жалғасатынын әзілмен айтып, сұхбатты көтеріңкі көңіл-күйде түйіндеді.

 
Барлық жаңалық