Жаңалықтар

Астанада Бейімбет Майлиннің "мойнына" мініп алған қыз жазаланды

Астанада Бейімбет Майлиннің "мойнына" мініп алған қыз жазаланды

Бұл туралы журналист Дүйсенәлі Әлімақын жеке парақшасында жазды.  Ол өзіне Астана қалалық полициясынан байланысқа шыққанын мәлімдеген, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

– Полиция қызметкерлері ұлы жазушының ескерткішіне құрметсіздік танытқан қызды анықтады.

Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, "Байқоңыр" ауданы Полиция басқармасына жеткізді.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды.
Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция осындай әрекеттерге жол берілмейтінін және мәдениет нысандары мен тарихи мұраларға ұқыпты әрі құрметпен қарау қажеттігін ескертеді, – деп жазды ол.

Полиция ескерткіштерді, мәдениет және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, заңда белгіленген жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Барлық жаңалық