Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Елорда әуежайында жоғары мәртебелі қонақты қарсы алу рәсімі өтті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Сапар аясында екі ел басшыларының қатысуымен жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жоспарланған. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады. Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобаларды дамыту жайын сөз етпек.
Бұдан бөлек, мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасады деп күтілуде. Сапар қорытындысы бойынша бірнеше ресми құжатқа қол қою жоспарланған.