Жаңалықтар

Жұрттың жүрегін елжіретті: Астаналық мұғалім БЦП-ға шалдыққан оқушысымен вальс биледі

Жұрттың жүрегін елжіретті: Астаналық мұғалім БЦП-ға шалдыққан оқушысымен вальс биледі

Астанадағы №83 мектепте өткен соңғы қоңырау мерекесіндегі ерекше сәт желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Таралған бейнежазбада сынып жетекшісі балалар сал ауруына (БЦП) шалдыққан оқушысымен қоштасу вальсін билеп жүр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ұстаз Жұлдызай Таңатқанқызы он бірінші сынып түлектерінің дәстүрлі биі кезінде Максим Цоймен жұп болды. Музыка ырғағына ілесуге барынша тырысқан жігерлі бала мен оған мейіріммен қолдау көрсеткен мұғалімнің әрекеті көпшілікті сүйсіндірді.

Жұлдызай Таңатқанқызы өз шәкіртімен шын мақтанатынын жеткізді. Денсаулығындағы қиындықтарға қарамастан, Максим оқуда өте озат.

Түлектің жетістіктері:

  • Мектептің үздік оқушысы ретінде "Алтын белгі" төсбелгісіне басты үміткер.

  • Байқау сынақтарында (ҰБТ) тұрақты түрде 130-133 аралығында өте жоғары балл жинап жүр.

  • Он сегізінші Республикалық президенттік олимпиадаға қатысып, үшінші дәрежелі диплом иегері атанған.

Барлық жаңалық