Қоғам

Арменияда сайлау қарсаңында оппозициялық партияның 10 өкілі қамауға алынды

Арменияда сайлау қарсаңында оппозициялық партияның 10 өкілі қамауға алынды

Армения соты Лори облысының Степанаван қаласында ұсталған «Күшті Армения» оппозициялық партиясының 14 өкілінің 10-ына қатысты қамауға алу және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын қолданды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Sputnik Арменияның мәліметінше, елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті күдіктілерге сайлаушыларға пара беру, пара алу және осы әрекеттерге көмектесу айыптарын таққан.

Қамауға алынғандардың қатарында Степанаван қауымдастығы басшысы лауазымына кандидат Арсен Геворгян және ақсақалдар кеңесіне үміткер бес адам бар. Геворгян екі айға қамауға алынды. Қалғандарына қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған.

Ұстау мен қамауға алу шаралары 25 қазанда өтетін Степанаван ірілендірілген қауымдастығының ақсақалдар кеңесіне сайлау қарсаңында болды. Сайлау пропорционалды жүйе бойынша өтеді.

Барлық жаңалық