Қоғам

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақмола облысында Астана – Петропавл тасжолында бірнеше көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Қайғылы оқиға 1 қарашада болған. Ірі жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі адам апат орнында жан тапсырған. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы бір зардап шегуші көз жұмған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатына үштен астам көлік қатысқан. Алайда соқтығысқан көліктердің нақты саны әзірге анықталған жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жағдайын ескеріп, жылдамдықты шамадан тыс асырмауға және қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырды.

 

Барлық жаңалық