Жаңалықтар

Алматыда троллейбус 22 жасар жігітті қағып кетті

Алматыда троллейбус 22 жасар жігітті қағып кетті
Бұл туралы CMN.KZ сайтына Алматы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады. Қайғылы оқиға бүгін Бостандық ауданында сағат 17:50 болды.
«11 бағдардағы троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінің батысында жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған, өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған жігітті қағып кеткен», - деп хабарлайды полиция. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Барлық жаңалық