МАҢЫЗДЫ
«Әділдік және өркендеу» қоры кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы петицияны қолдады
17.07.2024
292
Петицияны қолдайтындар Үкіметтен кеншілердің зейнет жасын 50-ге дейін төмендету мәселесін қарастыруды сұрайды. Құжатта «көмір кенішіндегізиянды өндірістік факторлардың жұмысшылардың денсаулығына тигізетін кері әсері жазылған. Ұзақ уақыт бойы мұндай жағдайда еңбек етужұмысшыларда ауыр дерттің пайда болуына әкеп соғатыны ерекше атап өтіледі. Жасы елуден асқан кеншілердің көбі түрлі ауруға шалдыққан. Қазба жасалатын кенжар мен кен орнындағы еңбек жағдайын білетіндер қатты шаң, газбен ластанған, қолайсыз температура мен басқа да экстремалды фактор бар жерде алпыс жастағы адамның ауыр жұмысты атқаруы қиын екенін түсінеді.
Елдетіркелген кәсіптік аурулардың негізгі үлесі – көмір өнеркәсібі қызметкерлері шалдыққан дерттер. 1998 жылы жеңілдетілген зейнетақы жүйесі тоқтатылды. Содан бері 2-3 онжылдықта жер астында жұмыс істейтін кеншілер денсаулығына зиян болса да, жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Дәл сол себепті кенші мамандығының беделі де жойылып кетсе керек. Еске салсақ, 2006 және 2017 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарында болған еңбек жанжалдары кезінде кеншілер қойған негізгі талаптың бірі – зейнет жасын төмендету болған еді».
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Казуглепроф» көмір өндірушілердің өнеркәсіптік кәсіподақ ұйымы Сізден заңнамаға жер астында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ете отырып, зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуге қатысты өзгерістер енгізуді сұрайды.
Қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке тек 55 жастан бастап қана шығу мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.
Петицияны әзірлеуді «Казуглепроф» көміршілер салалық кәсіподағының жетекшісі Марат Мирғаязов көтерді. М.Мирғаязов – Қазақстандағы беделді кәсіподақ қызметкері, ол жылдар бойы кеншілердің құқығын қорғап келеді. Ол басқаратын ұйым «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының серіктесі.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстанның өңірлеріндегі барлық жанашыр азаматтарды петицияны қолдауға шақырады.
Сондай-ақ біз көміршілер кәсіподағына құқықтық және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуге, қажет болған жағдайда оның билік пен жұмыс берушілер арасындағы көпірі болуға дайынбыз.
Қордың мақсаты – еңбек адамының құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті орнату. Кеншілермен ниетіміз бір және біз көміршілердің еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін барлық заңды құралдармен күресуге дайынбыз.
Біз барлық жанашыр қазақстандықты осы бастаманы қолдауға шақырамыз.
Біздің қатарымызға қосылыңыз – әділ Қазақстан үшін, еңбек адамының құқығы үшін бірге күресейік!
-
Жасанды интеллект жастарды бір үстелге жинады17:47, 22 сәуір 2026
-
«Сіздей ене болу бұйырсын»: Айнұр Тұрсынбаева келініне су жаңа көлік мінгізді17:39, 22 сәуір 2026
-
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бразилиядағы Әлем кубогын жеңіспен бастады17:24, 22 сәуір 2026
-
Прокурор блогер Жанабыловтарды 4 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады17:21, 22 сәуір 2026
-
Қажылыққа барамын деп алданбаңыз: заңсыз виза қандай қауіп әкеледі?17:13, 22 сәуір 2026
-
«Әй, мәйіт жатыр ғой, әруақты сыйла»: Шахановтың жаназасындағы жайт көпті шошытты16:43, 22 сәуір 2026
-
«Достық» құбыры тоқтады: Ресей мамыр айында қазақ мұнайын өткізуден неге бас тартты?16:41, 22 сәуір 2026
-
Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді16:39, 22 сәуір 2026
-
-
-
-
-
«Әй, мәйіт жатыр ғой, әруақты сыйла»: Шахановтың жаназасындағы жайт көпті шошытты16:43, 22 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
«Түнде дүлей сырқат басталды»: Азамат Сатыбалды шұғыл ота жасатқанын айтты02:00, 22 сәуір 2026
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026
-
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-