Өндіріс орындарындағы бақылау мен жұмысшылардың жағдайы "Қазақмыс" корпорациясында басты орынға шықты. Бес күннің ішінде ғана кәсіпорындарда 400-ден астам өндірістік аралау жүргізілді. Бұл ауқымды жұмысқа түрлі деңгейдегі 200-ге жуық басшы тартылды. Анықталған әрбір мәселе арнайы дерекқорға енгізіліп, компания басшысының төрағалығымен өтетін жиында талқыланады деп ozgeris.info сайты.
"Jezqazgan Tau-ken Ondirisi" бас директоры Батыс кенішіне арнайы барып, тау-кен жұмыстарының барысымен танысты. Ол жердегі теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан жаңа жерасты жолының құрылысы қаралды. Бұл жоба кен тасымалдау қашықтығын айтарлықтай қысқартып, жұмыс тиімділігін арттыруға тиіс. Жаңа портал осы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл қадам кеніштің минералдық-шикізат қорын молайтуға септігін тигізеді.
Өндіріс алаңдарындағы төртінші және бесінші горизонттарға ерекше көңіл бөлінді. Кеншілермен кездесу кезінде олардың еңбек жағдайы мен толғандыратын түйткілді мәселелері ашық талқыланды. Жұмыс барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бәрінен маңызды екені ескертілді. Сондай-ақ конвейер учаскесі қаралып, кен қорын ұлғайтуға бағытталған геологиялық барлау жұмыстары таныстырылды.
Мұндай тұрақты аралау шаралары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Мақсат — басшылық пен қарапайым еңбек ұжымы арасында тікелей байланыс орнату. Бұл жұмыс басқару үдерісінің ашықтығын көздейтін QA корпоративтік жобасы аясында атқарылуда. Жұмысшылардың өтініштеріне жедел жауап беру мен өндірістік ортаның сапасын арттыруға басымдық берілген.
Тексеріс кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қатар ұжымның әлеуметтік ахуалы да мұқият зерделенеді. Ең маңызды мәселелер бойынша кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдер қабылданады. Мұндай ішкі коммуникацияны дамыту тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Бұл өндірістегі кез келген шешімді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.