Қоғам

Жанкүйерлердің ыстық ықыласы: Данил "molodoy" Голубенко Астанаға келді

Жанкүйерлердің ыстық ықыласы: Данил "molodoy" Голубенко Астанаға келді

Отандық киберспортшы Данил "molodoy" Голубенко елордаға табан тіреді. Танымал ойыншы Астана қаласына "FURIA" командасымен бірге келді. Жерлесімізді әуежайда жанкүйерлер қауымы ерекше қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Саңлақтардың бас қосуына ауқымды жарыс себеп болып отыр. Мамыр айының жетісі мен он жетісі аралығында бас қалада "CS2" ойынынан "PGL Astana 2026" турнирі өтеді. Бұл дүбірлі дода нағыз тартысқа толы болмақ.

Виртуалды майданда әлемнің ең мықты он алты ұжымы өзара бақ сынайды. Олар үлкен олжа үшін бәсекеге түседі. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,6 миллион долларды құрайды.

Барлық жаңалық