Қоғам

"Елтаңбаны іліп қоймай, мусоркаға тастаңдар": Ақындар ащы шындықты өлеңге қосты (ВИДЕО)

"Елтаңбаны іліп қоймай, мусоркаға тастаңдар": Ақындар ащы шындықты өлеңге қосты (ВИДЕО)

Желіде қоғамдағы ең өзекті оқиғаларды бір арнаға тоғыстырған жаңа туынды тарады. Белгілі өнер иелері Сырым Әуезхан мен Балғынбек Имашев ел ішіндегі даулы мәселелерге қатысты өз пікірлерін ашық білдірді. Олар Алматыдағы крематорий құрылысынан бастап мемлекеттік рәміздерге қатысты дауды назардан тыс қалдырмады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Танымал тұлғалар Баян мен Тұрсынның зәулім сарайы және ұлт жанашыры Мұхтар Шахановқа тіл тигізгендер қатаң сынға ілікті. Үкімет бекіткен тазы күні мен қарияны сабаған қатыгездік арасындағы үлкен қарама қайшылық тақырыбы да қозғалды. Жұртшылықтың төсегін жария еткендерді пір тұтуы авторлардың қатты наразылығын тудырған.

Өнерпаздар халыққа арнаған сөзін дәл осылай жеткізді:

"Бүгін біраз жаңалық, айтып айтып тастаймыз,

Жансырымның балсырым болғанынан бастаймыз, ананы қара!

 Елтаңбаны шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар,

 Іліп қоймай үйіңе, мусоркаға тастаңдар.

Таза Қазақстан деп тазалайтын халықпыз,

Елтаңба тазалағанды жазалайтын халықпыз, ой масқара!

Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап,

Алматыда несіне крематорий ашылмақ?

Өлді ма осы сендерден?

Крематорий салғандар жағып жатыр өліні,

Ұяттан өлмей қалғандар жарып жатыр желіні.

Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр,

Бұл жұмбақтың жауабы интернетте тарап тұр.

Баян апам ханшадай, тұрған үйі хан сарай,

Тұрсындікіндей үй болса, билер едің дәл солай!

Пабликтер неше мың терген елдің өсегін,

Көпшілікке пір болды көрсеткендер төсегін.

Мың жасағыр үкімет тазы күнін сыйлады,

Жетпей тұр еді қазаққа иттің ғана мейрамы.

Айналмаймыз баладан зейнеткерді сабаған,

Қалай жүреді көшеде иттен төмен мал адам?

Желтоқсанды көтерген, тілдеп Мұхтар Шаханды,

Арлан кетіп көрдік қой, шәуілдеген шәкәлді.

Мұхтар атам намысты өр сияқты,

Ел деп туған шынымен ер сияқты.

Ешкім сендей Мәскеуде шындықты айтып,

Ешкім тіл деп күйген жоқ сен сияқты.

Асыл ағам ешкімнен жасымаған,

Өзіңіздей ана тілге жоқ шығар ғашық адам.

Енді ондай дара тумаймыз, сізді аңсап қалатындаймыз,

Жырыңнан от жанып, таутұлға боп қалып, мәңгілік барасыз ғой болашаққа".

Барлық жаңалық