Екеуі бір кезеңде бірнеше ұйымда қатар қызмет еткен: миллиардтаған қаржыға жауапты «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшысы туралы не белгілі?
Әңгіме «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиев туралы болып отыр. Екеуі де мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды басқарған. Бірі энергетика, мұнай-газ, көлік және телекоммуникация салаларындағы ұлттық активтерге жауап берсе, екіншісі елдің теміржол жүйесін басқарып келді.
15:24, 12 қараша 2026