«Қарапайым инженерден ұлттық компанияның топ-менеджеріне дейін көтерілген»: ұсталған Қуаныш Омарбеков кім?
«Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық ісі аясында еліміздің атом өнеркәсібіндегі жоғары лауазымды қызметкерлердің бірі ұсталды. Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры болған Қуаныш Омарбеков ұлттық компания жүйесінде 15 жыл еңбек еткен.
16:55, 25 қараша 2026