Заңсыз жолмен салмағы 958,7 грамм болатын кедейлендірілген уранды иемденген Өзбекстан азаматы оны әрі қарай сату үшін Шымкент қаласындағы танысына ұсынған. Ал ол өз кезегінде мәмілеге Ақтөбе қаласының екі тұрғынын тартқан. Бұл туралы Оzgeris.info сайты Диапазон сайтына сілтемемен хабарлайды.
Оқиға туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне белгілі болып, ведомство арнайы операция жүргізген. Құқық қорғау органдары 500 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы ақшаның муляжын пайдаланып, жалған сатып алушыны іске қосқан.
Қылмыскерлер радиоактивті затты делдал арқылы сатуға келіскен сәтте, оны автокөліктің жүксалғышына салып тапсырған кезде ҰҚК қызметкерлері оларды ұстады.
Сот үкімімен үш азамат та кінәлі деп танылды. Ақтөбе қаласының тұрғындары екі жылға бас бостандығынан айырылса, бұрын сотталған Шымкент қаласының тұрғыны 2,5 жыл мерзімге сотталды.
Тәркіленген радиоактивті уран жойылатын болды.