Ақпан айының басында Алматы-Бішкек тасжолының бойында жоғалып кеткен ер адамның денесін арада үш ай өткенде жол жөндеушілер тауып алды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Lider.kz еріктілер ұйымының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 4 ақпанында Жамбыл ауданы аумағындағы тасжолдың 60-шақырымында орналасқан көлік тұрағында жеке заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа бет алған 1987 жылғы Шыңғыс Өтеубаевтың өлі денесі табылған.
Іс-түссіз кеткен азаматты 12 мамыр күні жол құрылысшылары адам аяғы баспас елсіз мекеннен байқап қалған, ал оның бойынан қандай да бір зорлық-зомбылық немесе азаптау белгілері кездеспеген.
Іздеу жұмыстары барысында марқұмның бойы 170-175 см, дене бітімі толықша келген, шашы қысқа әрі қара түсті, көзі қоңыр екені айтылған болатын.