Қоғам

Әлем көшбасшылары Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жолдап жатыр

Әлем көшбасшылары Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жолдап жатыр

Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың атына туған күніне орай шет елдердің жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары толассыз келіп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек қазіргі уақытта шетел үкіметтері мен халықаралық ұйым өкілдерінен ақжарма тілектер жеткізілген.

Мәселен Владимир Путин, Си Цзиньпин, Шавкат Мирзиёев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Сердар Бердімұхамедов пен Ильхам Әлиев арнайы хат жіберген. Бұған қоса Александр Лукашенко, Ваагн Хачатурян, Никол Пашинян, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, сондай–ақ Италия, Сербия, Молдова, Словакия, Словения, Корея, Мьянма мен Палестина басшылары және ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев секілді ресми тұлғалар өз лебіздерін білдірген.

Шетелдік әріптестерінен бөлек президентті еліміздің қарапайым азаматтары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері де құттықтап жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек туған күн иесіне бағытталған жылы лебіздер мен хаттар легі әлі де жалғасуда.

Барлық жаңалық