Қазақстанның Ұлттық банкі 2026 жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ұлттық банктің хабарлауынша, шешім қабылдау кезінде инфляцияның төмендеу қарқыны, ішкі сұраныс динамикасы, фискалдық саясаттың орындалуы және квазифискалдық ынталандыру шараларының тиімділігі ескеріледі.
Сонымен қатар Үкіметпен бірлесіп инфляцияны бақылау шараларының нәтижелері, коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасының өзгеруі, сондай-ақ халық пен бизнестің салық реформасына бейімделу деңгейі де назарға алынады.
Ұлттық банктің мәліметінше, инфляция тұрақты түрде баяулап, жаңа инфляциялық тәуекелдер пайда болмаса, ақша-несие саясатын жұмсарту және базалық мөлшерлемені төмендету мәселесі қаралуы мүмкін.
Алайда қазіргі жағдайда ақша-несие саясатын жұмсарту үшін жеткілікті алғышарттар әлі қалыптаспаған.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдаған.