Жаңалықтар

ҰБТ-ны халықаралық деңгейге көтеру үшін мазмұны мен әдістемесі жаңартылады

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен өткізу тәсілін түбегейлі жаңартуды қолға алмақ, деп жазады ozgeris.info сайты.

 

Министр Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл жұмысқа әлемдегі жетекші ұйым – Educational Testing Service (ETS) тартылмақ. Аталған компания жыл сайын 180 мемлекетке 50 миллионнан астам тест дайындайды және білім беру жүйесіне арналған заманауи шешімдер ұсынады.

 

Мемлекет басшысының Нью-Йорктегі сапары барысында ETS басшыларымен келіссөз жүргізілген. Қазақстан тарапы ұйымның тәжірибесін пайдалану арқылы ҰБТ-ны халықаралық деңгейге жақындатуды көздеп отыр.

 

«80 жылдық тарихы бар ETS тек тест құрастырумен ғана емес, сонымен қатар тестология ғылымын зерттеумен де айналысады. Біз олардың үздік мамандарымен бірлесіп, ҰБТ-ның мазмұны мен әдістемесін қайта қараймыз. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылады», – деді министр.

 

Алдағы айда ETS-тің зерттеушілер тобы Қазақстанға келіп, ұлттық емтиханды жаңғырту процесін бастайды.

Саясат Нұрбектің айтуынша, мақсат – ҰБТ-ны сапасы жоғары халықаралық деңгейдегі тестілер қатарына қосу.

Барлық жаңалық