Қоғам

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлектерге автокөлік пен пәтер тарту етілді

2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ел есінде ерекше есте қалмақ. Биыл ең жоғары нәтиже көрсеткен екі түлекке қомақты сыйлық берілді. Бірі су жаңа автокөлік иесі атанса, екіншісіне баспана сертификаты табысталды, деп жазады Ozgeris.info. 

Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Жанайым Рашит тестілеуден 140 балл жинады. Ол бейіндік пән ретінде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған. Жоғары көрсеткіші үшін оқушыға жаңа Zeekr автокөлігі сыйға берілді. Сыйлықты білім беру орталығы табыстаған.

Ал Түркістан облысынан шыққан Жәнібек Әбілхан да биылғы ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған алғашқы түлек ретінде танылды. Ол да 140 балл жинап, пәтер сертификатына ие болды. Көпбалалы отбасында өскен Жәнібекке бұл сыйлықты ол дайындалған білім орталығы ұсынған. Енді жас түлек болашақта оқуға түсетін қаладан жеке пәтер ала алады.

 

Барлық жаңалық