Президент

Тоқаев: Президент сайлауы 2029 жылы өз мерзімінде өтеді

Тоқаев: Президент сайлауы 2029 жылы өз мерзімінде өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кезекті президент сайлауы 2029 жылы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Брифинг барысында «Jibek joly» телеарнасының тілшісі Зұлқарнай Ермұрат президенттен жаңадан енгізілгелі жатқан вице-президент лауазымының не үшін қажет екенін және бұл реформа билік транзитіне дайындық па деген сарапшылардың пікіріне қатысты сұрақ қойды.

Мемлекет басшысы бұл лауазымға қатысты түрлі әңгімелер айтылып жүргенінен хабардар екенін жеткізді.

«Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді», – деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Барлық жаңалық