Жаңалықтар

Тоқаев пен Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті

Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху арасында телефон арқылы әңгіме өтті деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық әрі көпқырлы ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқанын үлкен қанағатпен атап өтті. Екі ел басшылары саяси диалогтың, сауда-экономикалық байланыстардың, сондай-ақ гуманитарлық және технологиялық салалардағы әріптестіктің оң серпінін жоғары бағалады.

 

Әңгімелесу кезінде екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екендіктері расталды. Бұл ретте халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық пен диалогты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешіміне байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ризашылығын білдірді. Израиль Премьер-министрі бұл қадамды батыл әрі көреген шешім деп атап, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда, сондай-ақ халықаралық өзара түсіністікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

 

Тараптар жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, белсенді байланыстарды жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Барлық жаңалық