Жаңалықтар

Тоқаев Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді. 

Айта кетелік 26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді.

 

Барлық жаңалық