Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға басымдық беріп, бұл мәселе барлық деңгейдегі қолбасшылықтың негізгі міндеті болуы керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын арттыруды, әскери инфрақұрылымды дамытуды, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғыртуды, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы әскердегі тәрбие жұмысын күшейтіп, сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп және Отанға адалдық қасиеттерін қалыптастыруға мән беруді тапсырды. Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселесіне назар аударды.